11 Қыркүйек 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ КИПР МЕН ИТАЛИЯДАН КЕЛГЕН ПРОФЕССОРЛАР ДӘРІС ОҚУДА

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-ға академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Солтүстік Кипрдің таяу шығыс университетінің профессоры Хусейн Узунбойлу мен Кассино және Оңтүстік Лацио италияндық университетінің профессоры Алессандро Фигус келді.
Ғылым доктор Узунбойлуның бес академиялық кітабы жарық көрсе, Web of Science платформасында 88 мақаласы жарияланған. Бүгінге дейін ол 20 докторлық және 56 кандидаттық диссертация жұмыстарына жетекшілік еткен. Хусейн Узунбойлу университет студенттеріне «Білім берудегі цирфлық технологиялар», «Білім беруде цирфлық технологияларды енгізудегі қиындықтар», «Scopus ғылыми мақалаларына қойылатын талаптар» және «Білім беру платформаларын оқыту сапасын арттыру құралы ретінде пайдалану» тақырыптарында дәрістік сабақтар өткізуде.
Халықаралық менеджмент институтының құрметті Лауреаты Алессандро Фигус білім алушыларға дипломатия тарихы, халықаралық қатынастар және туризм, цифрлық көшбасшылықтағы мемлекет саясаты сонымен қатар Болон процесін дамыту тақырыптары жайлы дәріс оқымақ.
Қонақтар бір ай бойы оқу орыны студенттері және қызметкерлерімен білімдерімен бөліспек.