13 сентября 2023
«ЖАСТАР ІЗГІ ҚОҒАМ АЙНАСЫ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында университетте Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспектор Ақниет Төкенованың, Өскемен қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Итекбаев Ильдар және Шығыс Қазақстан облысының бас имамы Ермек Мұқатайдың қатысуымен «Жастар ізгі қоғам айнасы» кездесуі болды.
Студенттермен кездесудің мақсаты – жастарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері білім алушыларға қауіпсіздік кепілі саналатын жол қозғалысы ережелерін еске салды. Кездесу барысында студенттер екінші деңгейлі банктер арқылы құпия ақпаратты алудың заңсыз амалдары туралы білді. Сонымен қатар студенттерге жеке басының қауіпсіздігі мәселесі жіті түсіндірілді.
Бас имам Ермек Мұқатай бүгінде кең таралған лудомания (құмар ойындарды ойнау) тақырыбын қозғады.
Кездесу соңында ЖОО студенттері Дін мен құқық қорғау органдарына жұмысқа орналасуға қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.