19 Қыркүйек 2023


№37 КӨПСАЛАЛЫ ОРТА МЕКТЕБІ 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ

№37 Көпсалалы орта мектебі мерейтойын тойлады. Салтанатты шараға С. Аманжолов атындағы ШҚУ өкілдері де қатысты. Атап айтқанда, Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының басшысы Жанель Болатова, сондай-ақ Музыкалық білім және АӘД кафедрасының профессоры Альмира Нұрғожина болды. Университеттің беделді оқытушысы Альмира Нұрғожина аталған мектептің құрметті түлегі.
Мереке барысында оқу орынының директоры Инна Грачеваға ЖОО ректоры Мұхтар Төлеген атынан ШҚУ-дың мерейтойлық медалі табысталды. Осылайша университет басшысы Инна Грачеваның Қазақстанның білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті. Өз кезегінде Альмира Нұрғожина қара шаңырақ мектебіне ән шашуын жолдады.