21 Қыркүйек 2023


ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДЕ ЕҢБЕК КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

С. Аманжолов атындағы Жоғары колледжде «Менің жетістігім – менің нәтижем» дебат ойындары өтті. Шара Қазақстан Республикасы Еңбек күні мейрамына орайластырылған. Қатысушылар бірінші және екінші курс студенттері болды. Пікірсайыс ойындарының негізгі мақсаты – студент жастардың өз ойларын сауатты және анық білдіру қабілетін дамыту. Жоғары колледж өкілдері атап өткендей, қатысушылар берілген тақырыпты толығымен аша алды. Ойын соңында дебатшылар «Үздік топ» және «Үздік спикер» номинациялары бойынша марапатталды.