22 сентября 2023


«ҚАЗАҚСТАНДА САПАЛЫ ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ТӘРБИЕСІ САЯСАТЫН ІЛГЕРІЛЕТУ» КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕЗДЕСУІ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ базасында «Қазақстанда сапалы денешынықтыру тәрбиесі саясатын ілгерілету» консультативтік кездесуі өтті. Жиынға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, ЮНЕСКО Кластерлік бюросының, ШҚО Білім басқармасының өкілдері және жалпы білім беретін мектептердегі дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысты.
Шараның басты мақсаты – кездесуге қатысушыларды ЮНЕСКО-ның дене тәрбиесі саласындағы әдіснамасымен таныстыру. Сонымен қатар консультативтік кездесу тақырыбы бойынша ұлттық саясатты әзірлеуді талқылау. Спикерлер атап өткендей, мұндай талқылаулар еліміздің әр өңірінде өтуде. Мемлекет жүйелік құжатты әзірлеу үшін практик мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөліседі.