22 сентября 2023


ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТІЛДЕРІ КҮНІ ШҚУ-ДА

ШҚУ Қазақстан халықтарының Тілдері күнін ауқымды түрде атап өтті. Шара мақсаты – көпұлтты халқымыздың тұтастығы мен мәдениетін сақтау. Апта бойы тілдерге арналған тақырыптық шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, білім алушыларды өз еліне, ана тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ұлттарды құрметтеуге, тілдер мен мәдениеттер туралы білімдерін кеңейтуді ықпал етуді көздеген тілдер фестивалінен басталды. Түркиядан келген волонтер-оқытушылар Садуллах Думан, Гүл Бану Думан, кореялық волонтер-оқытушы Ким Кинам Шет тілдері кафедрасының оқытушыларымен бірлесіп «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының студенттері үшін тамаша мереке ұйымдастырды.
Сондай-ақ тіл апталығы аясында Interactive Teaching Speaking in Korean Class тақырыбында корей тілінен ашық сабақ өтті. Сабақ барысында студенттерге ақпараттық бейнесюжет көрсетіліп, тақырып бойынша пікірталас ұйымдастырылды.
Шаралар циклінің соңында шет тілдері және аударма ісі кафедрасының бастамасымен ағылшын тілінде ашық диктант өткізілді. Оқытушылар білім беру бағдарламаларында оқитын студенттердің сауаттылық деңгейін тексеріп, шет тілдерін үйренуге деген ынталарының артуына ықпал етті.