27 сентября 2023
«АРМЫСЫҢ, УНИВЕРСИТЕТ» СПОРТТЫҚ ШАРАСЫ
Amanzholov University студенттері спорттық киімдерін киіп, салауатты өмір салтына тағы бір қадам жақындады. Білім алушылар дәстүрлі «Армысың, университет» шарасына қатысты. Жеңіл атлетикамен айналысуға ықпал етуді көздеген шарада жаппай кросс өтті. Барлық жоғары мектептер студенттері мен оқытушылары біршама жерді жүгіріп өтіп, шынығудың пайдасын дәлелдеді.
Шараға университеттің атақты спортшылары, профессор-оқытушылар құрамы және студенттік өмірдің қызығы енді басталған бірінші курс студенттері қатысты.
— Салауатты өмір салтын ұстану тек пайдалы ғана емес, онымен айналысу көңілді екенін көрсеткіміз келді. Себебі әр шара – айтулы мереке, — дейді ректор Мұхтар Төлеген.
Айта кетейік, Өскемен олимпиадалық резерв мектебінің жеңіл атлетикадан аға жаттықтырушысы Александр Кругликов жарысқа төрешілік етті. Қатысушылар жанында Ж.Қ. Ангишпаев, А.Н. Өскембаев, А.М. Төлебаев төреші болды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандар:
ПОҚ:
1 орын Сүлейменов Олжас — Жоғары колледж
1 орын Сағымғалиева Нәзира — Жоғары колледж
2 орын Ахметханова Тоғжан — Жоғары колледж
ДШжС (қыздар):
1 орын Козлова Виталия
2 орын Трухачева Юлия
3 орын Иванова Наталья
ДШжС (ұлдар):
1 орын Ченыкаев Владислав
2 орын Ахметбекұлы Архат
3 орын Казлов Роман
Жоғары колледж дене шынықтыру (қыздар):
1 орын Қадырова Динара
2 орын Қалибек Балауса
3 орын Фролова Ксения
Жоғары колледж дене шынықтыру (ұлдар):
1 орын Казанов Данил
2 орын Шешуков Владислав
3 орын Ерзат Ернар
ПЖМ (қыздар):
1 орын Қайратқызы Мерей
2 орын Айдарханова Ардана
3 орын Қыдырбекова Эльназ
ГҒЖМ (қыздар):
1 орын Старухина Олеся
2 орын Тускунова Еркежан
3 орын Коханова Камила
ГҒЖМ (ұлдар):
1 орын Қайырбеков Мадияр
2 орын Тілеуберді Мереке
3 орын Умытбаев Арғын
ITжЖҒЖМ (қыздар):
1 орын Базар Ақбота
2 орын Шайхова Адема
3 орын Құрмет Жұпар
ITжЖҒЖМ (ұлдар):
1 орын Ақылбек Айбол
2 орын Нүсіпжан Досжан
3 орын Аман Саят
БжҚЖМ (қыздар):
1 орын Цырульникова Мария
2 орын Карамсакова Дильназ
3 орын Сұланова Аружан
БжҚЖМ (ұлдар):
1 орын Синельников Михайл
2 орын Қабден Ораз
3 орын Қабдешов Жанжос
— Маған шара ұйымдастырудың деңгейі, төрешілердің кәсібилігімен қатты ұнады. Өте ризамын. Физикалық қабілеттерді дамытып, үнемі жаттығу жасау өте пайдалы, — дейді Мерей Қайраткызы.
Спорттық шараның жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды.