28 Қыркүйек 2023


ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінің Жоғары колледжінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор, полиция майоры Д. Жақсыбаевамен бірқатар кездесулер өтті.
Әңгімелесу барысында спикер студенттердің сабақтан тыс уақыттағы мінез-құлық ережелерін түсіндіріп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық мәселелерін талқылады. Соның ішінде әлімжеттік көрсету, интернет-алаяқтық, басқа біреудің мүлкін ұрлау тақырыптары сөз болды. Кездесуді ұйымдастырушылардың айтуынша, студенттер құқық қорғау органдарының өкілі Д. Жақсыбаеваны қызығушылықпен тыңдап, барлық сұрақтарға жауап алды.