28 Қыркүйек 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY 2024 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕМДІК УНИВЕРСИТЕТТЕР РЕЙТИНГІНДЕ

Amanzholov University алғаш рет университеттердің 2024 жылғы әлемдік рейтингіне енді. Кесте WUR 3.0 жаңа әдістемесіне негізделген. Ол бес саладағы оқу орнының тиімділігін өлшейтін мұқият тексерілген он сегіз тиімділік көрсеткіштерін қамтиды. Бес салаға жататын: оқыту, зерттеу ортасы, зерттеу сапасы, сала және халықаралық перспективалар. Биылғы рейтингте 16,5 миллион ғылыми басылымдардағы 134 миллионнан астам сілтемелер талданды және бүкіл әлем бойынша 68 402 ғалымның сауалнамаларына жауаптар енгізілді.
Айта кету керек, еліміздің 120 жоғары оқу орнының ішінде рейтингке тек 25 жекеменшік және мемлекеттік жоғары оқу орындары кірді.