2 Қазан 2023


ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінде «Дене шынықтыру және спорт» пәндік циклдік комиссиясы студенттер арасында волейболдан жарыс ұйымдастырды. Шараның мақсаты – салауатты өмір салтына баулу және жастар арасында спортты насихаттау.
Жарыс қорытындысы бойынша төртінші курс студенттері волейбол ойындарының чемпиондары атанды. Жүлделі екінші орын екінші курс студенттеріне бұйырды. Ал, үшінші орын үшінші курс студенттеріне бұйырды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңімпаздарға мақтау қағаздары табысталды.