5 Қазан 2023


«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының бірінші кезеңі басталады

Байқаудың бірінші университетішілік кезеңі 1 қарашада басталып, 10 қарашаға дейін жалғасады.

Байқауға кемінде 5 жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі және оқытушылық және ғылыми қызметінде жоғары жетістіктері бар жоғары оқу орындарының штаттық оқытушылары қатыса алады.

Байқаудың мақсаты – оқытушы мамандығының беделін арттыру және жоғары оқу орындары оқытушыларын кәсіби тұрғыда одан әрі дамуына ынталандыру болып табылады.

Байқау екі кезеңде өткізіледі – университетішілік және республикалық. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауына қатысу үшін өтінім мен құжаттар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің universitycontest2023.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта қабылданады.

Жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылар құрамынан тұратын сарапшылар тобы келіп түскен барлық құжатты тексереді. Сараптама тобының қорытындысы негізінде ЖОО комиссиясы байқауға қатысушылардың екінші – республикалық кезеңге қатысуы туралы шешім шығарады.

Республикалық кезең 2023 жылғы 17 қарашадан басталады.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары ақшалай ынталандырумен қатар төсбелгіге де ие болады.

Байқау ақпараттық жүйе базасында өтеді, сәйкесінше конкурсқа қатысушылар барлық кезеңнің ашық өтуін бақылай алады.

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауы туралы ереже «Әділет» ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған (http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021548).

БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімі