6 Қазан 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ТҮРКИЯ МЕН ӘЗІРБАЙЖАНДА БІЛІМДЕРІН ШЫҢДАУДА

С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері бауырлас елдер Түркия мен Әзірбайжанда білім алуда. Университеттің он білім алушысы ORHUN академиялық алмасу бағдарламасы арқылы қабылдаушы ЖОО-дарына аттанды. Атап айтқанда, Alanya Alaaddin Keykubat University, Bahçeşehir University, Kapadokya University, Bursa Uludağ University, Ege University және Baku State University. Оқу орны білім алушылары бір семестр бойы математика, туризм, менеджмент және химия салаларында зерттеу жұмыстарымен айналысуды жоспарлап отыр.


Айта кетейік, ORHUN – Түркі университеттері қауымдастығының мүшелері арасында халықаралық алмасу бағдарламасы. Оның негізгі міндеттері – университеттер арасындағы дипломдардың эквиваленттілігін тану, ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру және түркі әлемін зерттеумен айналысатын студенттерге арнайы стипендиялар беру.


Бұдан бөлек, С. Аманжолов атындағы ШҚУ Еуропа, Англия, Оңтүстік-Шығыс Азия, АҚШ, Орталық Азия, Ресей Федерациясының университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты қарқынды дамытуда.