10 октября 2023
ERASMUS+: БАҒДАРЛАМА ҮЙЛЕСТІРУШІСІ ШҚУ-ДА
ШҚУ базасында Erasmus+ бағдарламасына арналған ақпараттық күн өтті. Шара мақсаты – ЖОО қызметкерлерін бағдарламаның мүмкіндіктері және басымдықтарымен егжей-тегжей таныстыру.
Шараға ректор Мұхтар Төлеген, оқу орнының ПОҚ қатысса, бас спикерлер: Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуанова, университеттің стратегиялық даму және ШҚУ ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Ирина Ровнякова мен Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ академиялық мәселелер жөніндегі проректор Жадыра Қоңырбаева болды.
— Бүгінгі кездесу шетелдік университеттермен іскерлік байланыстарды нығайту мүмкіндіктерін арттырады. Бұл академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер мен оқытушылар алмасуын сапалы дамытуға мүмкіндік береді. Erasmus+ ерекшеліктері халықаралық деңгейдегі ғылыми жобаларды ғана емес, сонымен қатар білім беру жобаларын да жүзеге асыруға ықпал етеді, — деді Мұхтар Төлеген.
Лаура Палуанованың мәліметінше, Erasmus+ бағдарламасының үш негізгі бағыты бар. Оның ішінде академиялық ұтқырлық, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық және реформалар саясатын қолдау.
— Erasmus Mundus магистратураның интеграцияланған халықаралық бағдарламасын ұсынады. Сәтті аяқтағаннан кейін студентке екі немесе одан да көп ЖОО-дан бірлескен диплом немесе әр ЖОО-дан жеке диплом беріледі, — дейді Лаура Палуанова.
Сондай-ақ, «Жан Моне» бағдарламасы оқытушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Бағдарлама оқыту және зерттеу арқылы еуропалық интеграция процестері туралы білімді кеңейтуге бағытталған. Осылайша, конкурстық жобалық ұсыныстарды жыл сайын іріктеу жүзеге асырылады. Байқауға қатысудың басым тақырыптары инклюзия, қоршаған орта, цифрлық трансформация және демократиялық өмір. Бағалаудың негізгі критерийлеріне өзектілік, іске асыру және ынтымақтастық сапасы, нәтижелерді тарату талаптары жатады.
Эразмус+ бағдарламасы аясында студенттер мен ПОҚ академиялық ұтқырлығының халықаралық жобалары мен бағдарламалары С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да 5 жылдан аса жүзеге асырылып келеді. Университет Тұрақты трансшекаралық су пайдалану: Ресей және Қазақстан жобасы аясында «Эразмус+» халықаралық жобасының консорциумының қатысушысы атанды. Бұл жобаның ашылуы мен тұсаукесері Тюмень мемлекеттік университетінің өңірлік халықаралық ынтымақтастық институтының базасында өтті.
2019 жылдың шілдесінен С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Erasmus+» (2019-2023жж): «STEM-бағытындағы мұғалімдерді даярлаудағы интеграцияланған тәсіл» бағдарламасы бойынша ірі халықаралық жобаны іске асыруды бастады. Жобаны төрт еуропалық жоғары оқу орындарымен бірлесіп жүзеге асыруда. Атап айтқанда Linköping University (Швеция), University of Helsinki (Финляндия), University of Limerick (Ирландия) және Hacettepe University (Түркия). Осы жобаны іске асыру шеңберінде 7М01513 «STEM-білім беру» магистрлік білім беру бағдарламасы әзірленіп, сәтті жұмыс істеуде. 2022 жылдың маусымында 7М01513 «STEM-білім беру» ББ IAAR агенттігінде 5 жылға жарамды алғашқы халықаралық аккредиттеуден өтті.
Осылайша бұл бағдарламаның 2023 жылы аяқталғаннан кейін де тұрақтылығын растады.
С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Digital Humanities in the Republic of Kazakhstan: Local Solutions for Global Problems (2020-2023)» ғылыми-білім беру халықаралық жобасының қатысушысы болды. Ол Еуропалық Одақтың білім, мәдениет және аудиовизуалды құралдар жөніндегі Атқарушы Агенттігінің Jean Monnet Erasmus+ бағдарламасын гранттық қаржыландыруы бойынша іске асты. Жобаға отандық ғалымдар мен оқытушылардан басқа Франция мен Эстониядан келген профессорлар қатысты.
С.Аманжолов атындағы ШҚУ ғалымдары мен мамандары және оқытушылары Эразмус+ бағдарламасы бойынша Аристотель университеті (Греция), Порто университеті (Португалия), Вулверхэмптон университеті (Ұлыбритания) сияқты университеттерде тағылымдамадан белсенді өтеді.
Тек 2023 жылдың қыркүйегінде Эразмус+ бағдарламасы бойынша Аманжолов университетінің төрт оқытушысы Бюлент Эджевит университетінде (Түркия) тағылымдамадан өтті.
Қазіргі уақытта Эразмус + бойынша студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мәселен, 2023 жылдың қазан айының ортасы мен 2024 жылдың ақпан айы аралығында Румыниядағы Клуж-Напока техникалық университетіне ШҚУ-дың екі студенті Аяулым Құрылыс пен Ақжол Рустамов оқуға жіберіледі.
Университет гранттық жобалар, Erasmus + бағдарламасының бағдарламалары туралы ақпаратты таратуға бағытталған семинарларды, ақпараттық жұмысты белсенді өткізеді.
Атап айтқанда, Орталық Азияның жоғары оқу орындары үшін жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру жобалары, халықаралық кредиттік ұтқырлық, «Жан Моне» бағдарламасы және Erasmus Mundus магистранттарына арналған компонент қолжетімді.