16 Қазан 2023


10 ГРАНТ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН БАЙҚАУ

Академик Ш. Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры әлемнің ғылыми зертханаларында ғылыми тағылымдамадан өту үшін бакалавриат, магистратура, интернатура білім алушыларына және ғылыми қызметкерлерге 10 грант беруге арналған өзінің жыл сайынғы байқауы басталғанын хабарлайды. Ол үшін 09.10.2023ж. бастап 14.11.2023 ж.дейінгі аралықта https://yessenovfoundation.org/ қор сайтында өтінімді толтырып, құжаттарды жүктеу қажет.