17 октября 2023


ЛУДОМАНИЯҒА ЖОЛ ЖОҚ!

Құқықтану кафедрасы «Лудоманияның алдын алу және жастар арасында вейптің таралуын болдырмау» тақырыбында семинар өткізді.

«Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері үшін ұйымдастырылған шараға ПОҚ да қатысты. Атап айтқанда, Дячук М.И., Дүйсембаева С.Д., Рахымбердин К.Х, Садықанова Ж.Е. мен Каленова А.А. білім алушылар зиян әдеттерден аулақ болуды айтты.


Семинар барысында студенттерге презентация көрсетіліп, тренинг өткізілді. Ұйымдастырушылар қатысушылар талқылау мен пікірталастарға белсенді қатысқанын атап өтті.