17 Қазан 2023


«ҚР-ДА ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

Жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға арналған шаралар аясында рефераттар байқауы өтті. «ҚР-да есірткі қылмысының алдын алу» тақырыбында ұйымдастырылған шараға мұрындық болған ШҚО Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен құқықтану кафедрасының сеньор-лекторы Ержан Абықанов.


Қатысушылар қатарында Жоғары колледждің құқықтану мамандығының студенттері болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жастар өз жұмыстарында қоғам дерті болған есірткіге құмарлықтың алдын алудағы нақты деректерді ақпараттық жағынан сипаттай алды.

Сондай-ақ, қылмыстарды тергеу процесінің өзара байланысы мен заңдылықтарын сөз етті.
Болашақ заң өкілдері байқау шарттарын сәтті орындады. Байқау қорытындысы бойынша үздіктерге грамоталар мен бағалы сыйлықтары табысталды.

ШҚО Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылығы студенттердің белсенділігі үшін алғыс білдірді.