18 Қазан 2023


ШҚУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ СЕССИЯСЫНДА

ШҚУ студентттері «Ортағасырлық кезеңдегі Үлкен Алтай аумағындағы тарихи процестер» атты VIII күзгі Ғылыми-білім беру сессиясына қатысты. Шараны Алтай мемлекеттік университетінің базасында жас тарихшы-ғалымдардың, түркологтардың және алтаистердің халықаралық мектебі ұйымдастырды.
Сапар барысында университет студенттері форум жұмысына қатысып, Ресей мен Орталық Азия елдерінің жетекші ғалымдарының баяндамаларын тыңдайды. Сонымен қатар, жастар секциясында баяндамаларын оқиды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сессия соңында Мектептің барлық қатысушыларына сертификат табысталады.