20 октября 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТІ АЗИЯ ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Нұрали Советқанов Қытайда өтетін Азия паралимпиада ойындарына тыңғылықты дайындық үстінде. Спортшы мүмкіндігі шектеулі жан болса да, жарыстардан қалмайды. «Брасс» және «Су стилі» сындарында өнер көрсетеді.

2021 жылы Нұрали Жапониядағы XVI жазғы Паралимпиада ойындарының финалисті атанған. 2022 жылы ересектер арасында жүзуден Қазақстан чемпионатында екінші орын алды. 2023 жылы Германияда екінші және үшінші орынға ие болды.
«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті ендігі мақсатым Қытайда өтетін байрақты бәсекеде жеңіс тұғырына көтерілу, дейді.

Айта кетейік, IV Пара Азия ойындарына 43 елден 4000-нан астам спортшы қатысады. Қазақстан атынан 14 спорт түрі бойынша 131 спортшы қатысады.