23 Қазан 2023


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ COURSERA КУРСЫН ӨТКЕНДЕРІ ТУРАЛЫ СЕРТИФИКАТТАРЫН АЛДЫ

Бүгінде Ғылым және жоғары білім министрлігі қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері үшін Coursera халықаралық білім беру платформасына қол жеткізуге мүмкіндік беріп отыр.
Courserа – әлемдегі жетекші білім беру платформаларының бірі. Тиімді онлайн оқуға бірегей мүмкіндік береді. Осы орайда ШҚУ студенттерінің курстарға деген қызығушылықтары жоғары. Олардың бірқатары сертификаттарын алып үлгерген.


– Болашақта мамандығым ұстаз болғандықтан біліктілігімді шыңдау, арттыру мақсатында оқыдым. Курс барысында заман талабына сай жасанды интеллект арқылы жоғары өнімді командаларды дамытуды және нығайтуды үйрендім, – дейді қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасының 4-курс студенті Ділназ Нұрсадықова.


Ал студент Аяулым Коконова болса, курс бағдарламасының өте қызықты әрі сапалы жасалғанын және курсты өту арқылы өзінің ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілеттерінің шыңдалғанын айтты.


Айта өту керек, Coursera қазақ тілінде өзінің білімі мен дағдыларын дамытуға ұмтылғандарға жақсы мүмкіндік. Бұл әлемдік білім беру қоғамдастығына интеграциялануға оң әсер етеді. Үрдіс білім алушылар үшін сапалы білім беруді қамтуымен үлкен маңызға ие.