24 Қазан 2023


«ЖАСАЙ БЕР, ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ КІТАП КӨРМЕСІ

Республика күні мерекесіне орай Б. Мамраев атындағы Ғылыми кітапхана оқырмандарына «Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесін ұсынды. Көрмеде Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихы, еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістер туралы басылымдар қойылған.