24 октября 2023
РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Құрметті отандастар! Қадірлі әріптестер!
Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
25 қазан – еліміз үшін маңызды күн! Тарихқа көз жүгіртсек, дәл осы күні 1990 жылы Қазақстан Республикасының Егемендігі туралы декларация қабылданды.
Бұл маңызды құжат біздің өркендеген мемлекетіміздің тәуелсіздігінің негізі болды.
Республика күні – азаматтық келісім мен ұлттық бірлік мерекесі. Бұл күн елдің бүгіні мен болашағы үшін асқан жауапкершілік пен патриотизм күні.
Қалыптасу жылдарында Қазақстан тез дамып келе жатқан нарықтық экономикасы, демократиялық қоғамдық құрылымы және жоғары халықаралық беделі бар заманауи елге айналды. Қазақстанның басты тірегі – бірлік пен келісім. Еліміздегі бейбітшілік өркендеудің символына айналсын. Мемлекет мызғымастығы мәңгілік болсын!
С. Аманжолов атындағы ШҚУ Басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Төлеген