31 Қазан 2023


ВОЛЕЙБОЛДАН ҚАЛАЛЫҚ ТУРНИР

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да жоғары оқу орындары мен колледждер арасында волейболдан қалалық турнир өтті. Спорттық шараның мақсаты – ҚР құрама командасына үміткерлерді анықтау және жастар арасында спортты насихаттау. Турнирге ШҚУ, ШҚУ Жоғары колледжі, Д. Серікбаев атындағы Жоғары IT колледжінің спортшылары, Жоғары политехникалық колледж, Өскемен экономика және қаржы колледжі, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі мен Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжінің воллейболшылары қатысты.
Ойыншыларға университеттің спорт клубының жетекшісі Асхат Шарапиев төрелік етті.
Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі, екінші орынды Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі иеленді. Жеңіс тұғырына С.Аманжолов атындағы ШҚУ командасы көтерілді. Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен медальдар табысталды.