31 Қазан 2023


ҰБТ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ИНТЕНСИВ-КУРС БАСТАЛДЫ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Amanzholov University – мен демалыс» жобасы аясында аудандық орта мектептердің 11-сынып оқушыларына арналған  ҰБТ пәндері бойынша интенсив-курс басталды.

Курсқа Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандарынан 750-ден астам мектеп түлектері қатысуда.

Университеттің профессорлық – оқытушылық құрамы оқушылар таңдаған бейіндік пәндер: «Физика-Математика», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Дүниежүзілік тарих – Ағылшын тілі», «Математика-Информатика», «Химия-Биология», «Биология – География», «Дүниежүзілік тарих-Құқық негіздері», «География-Математика» және т.б. комбинациялары бойынша сабақтар өткізеді.

Курс қатысушы түлектерге білімдерін арттыруда, ЖОО-ға түсуде пайдалы болатыны анық. Аталмыш курс үшінші қарашаға дейін жалғасады.