1 Қараша 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТІ АЗИЯ ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Нұрәли Советқанов Қытайда өткен Азия паралимпиада ойындарында қола медальға ие болды. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының білім алушысы «брасс» әдісімен 100 метр қашықтықты 1:11:72 уақытта жүзіп өтті.
Нұрәлидің айтуынша, жарыста өзін барынша сабырлы ұстады. Бір қалыпты, еш қобалжусыз жүзді.
Оның ендігі мақсаты – Париждегі жарысқа қатысу.
Айта кетейік, спортшының көру қабілеті нашар. Дегенмен спортпен белсенді айналысып, жыл сайын кәсіби жүзуде жетістіктерден қол үзбей келеді.