2 Қараша 2023


АМАNZNОLОV UNIVERSITY КОНЦЕРТМЕЙСТЕРІ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АКАДЕМИГІ» АТАНДЫ

Қазақ өнерінің қайраткері, білім беру ісінің құрметті қызметкері,ТМД үздік педагогы күйші-композитор Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің мәдениет, спорт және АӘД кафедрасының концертмейстері Уатқан Жүнісов республикалық байқаудың жеңімпазы атанып, “Қазақстанның құрметті академигі” мәртебесін алды. Республикалық «Bilim orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының қазылар алқасы мен ұйымдастырушыларының шешімімен оқу орнының оқытушысына Қазақстан қоғамына қосқан айрықша еңбегі үшін төсбелгі мен куәлік табысталды.

Айта өту керек, Уатқан Жүнісов – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры, Халық әртісі Қарабалина Бақыт Тоқсанбайқызының шәкірті. Өскемен қаласының музыкалық училищесінде домбыра-тенор, қобыз прима, қыл қобыз, бас қобыз, шертер аспаптары бойынша қазақ халық аспаптары бөлімінің негізін қалаушы болып табылады.

Өмірін ғылыми зерттеу жұмыстарына арнаған даңқты оқытушы бұдан бөлек «Қазақстанның жыл мұғалімі-2022», «Тәуелсіз елдің құрметті педагогы», «ТМД-ның үздік педагогы», 2023 жылы «Қазақстан Республикасының мәртебелі маманы», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері» атты Республикалық байқауларының жеңімпазы атанып, 1-ші дәрежелі дипломдармен қоса төсбелгілермен марапатталған.