2 Қараша 2023


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ ҰҚК ШҚ САРБАЗДАРЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

30 қазан мен 3 қараша аралығында ҰҚК ШҚ Күршім ауданы Шекара басқармасының сұранысы бойынша Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Психология және коррекциялық педагогика» кафедрасының сениор-лекторы Аканова Жанель Маратбекқызының жетекшілігімен «Психология» білім беру бағдарламасының төртінші курс студенттері  2023 жылдың күзгі әскерге шақыру сарбаздарымен психодиагностикалық-психокоррекциялық жұмыстарын жүргізді. Психодиагностикалық құралдар суицидалды тенденцияларының қалыптасуына әсер ететін мазасыздық, фрустрация, агрессивтілік және ригидтілік деңгейін аңықтауға бағытталған.
Психокоррекциялық жаттығулардың мақсаты – сарбаздардың командалық өзара әрекеттесу құру және ұжымды біріктіру, нәтижелі коммуникация дағдыларын пысықтау,өзін-өзі ашу процестерін тереңдету, басқа адамдардың мінез-құлқын талдау және рефлексивті қабілеттерін дамыту.