3 ноября 2023


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЛЫҚ САЛУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

С. Аманжолов атындағы ШҚУ базасында халықаралық салық салу және экология мәселелеріне арналған семинар өтті. Шара ұйымдастырушысы құқық, салық, кеден және экологиялық заңнама саласында консалтингтік қызметтер көрсететін «Fortune Partners» компаниясы болды.
Семинардың мақсаты – халықаралық салық салу, инвестициялық даулардың соттылығы, экологиялық тексерулерге шағымдану тақырыбындағы дау мәселелерін шешу, сондай-ақ бизнесті дамыту үшін салық және экологиялық құқықты дамыту бойынша бірыңғай көзқарас әзірлеу. Семинарға ЖОО-ның оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері, құқықтану және экономика, менеджмент пен қаржы кафедрасының оқытушылары, сот жүйесінің, мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері, қазақстандық салық және заң консультанттары, облыстың ірі бизнесмендері қатысты.
Кездесу барысында спикерлер мен қатысушылар камералдық бақылау шеңберінде мәмілелердің нақты орындалуын, халықаралық салық салуды, инвесторлар мен жер қойнауын пайдаланушылардың қатысуымен дау мәселелерін, сондай-ақ экологиялық тексерулер нәтижелеріне дау айтудың практикалық аспектілерін талқылады.
Университет қызметкерлерінің айтуынша, семинарда берілген ақпарат пайдалы әрі бірегей болды.