3 Қараша 2023


ШҚУ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ САНКТ-ПЕТЕРБУРГТЕ

Академиялық тағылымдама шеңберінде А.И. Герцен атындағы РМПУ-де «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері авторлық баяндамаларын оқыды. Студенттер ұсынған зерттеулерді бастауыш Тіл және әдеби білім беру кафедрасының ғалымдары жоғары бағалады. Шара ұйымдастырушылары ұсынылған материалдардың теориялық базасы мен практикалық маңыздылығын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, ғылыми-практикалық конференция 1 қарашада басталды. Шара бастауыш орыс тілін оқыту әдістемесі саласының ғалымы Тамара Рамзаеваның 95 жылдығына арналған.