3 Қараша 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ АЙТЫСКЕР АҚЫНМЕН КЕЗДЕСТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі қазақ орыс филологиясы және журналистика кафедрасының студенттері танымал айтыскер, ақын Серік Қалиевпен кездесті.
Кездесу барысында қонақ студенттермен еркін әңгіме өрбітіп, жастарға ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Ал кездесу соңында жастар өздерін толғандырған сауалдарын қойды.
Серік Қалиев – танымал ақын, айтыскер. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түлегі. «Көзайым» (2007), «Уақыт керуені» (2012), «Жасынның оты» (2022), «Арман қанатындағы жазулар» (2022) атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы», ҚР Мәдениет қайраткері.
Жалпы, осы іспетті кездесулерді ұйымдастырудың маңызы зор. Аға буынның ақыл-кеңесін тыңдап, тәлім алу келешекте пайдасын тигізері анық, дейді ұйымдастырушылар.