6 ноября 2023


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ WORLD MARKETING SUMMIT 2023 ОНЛАЙН САММИТІНЕ ҚАТЫСАДЫ

World Marketing Summit негізін 2010 жылы профессор Филипп Котлер қалаған. «Заманауи маркетинг атасы» ретінде танымал ол маркетингтік стратегиялар арқылы жаһандық қозғалыстарды бастап, қоғамға және өмір салтына оң әсер ететін адамдардың мінез-құлқындағы өзгерістерге бастайтын жобаларды қолға алған. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен профессор Котлер Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттеріне 100 000 билет бөлген еді. Оның ішінде С.Аманжолов атындағы ШҚУ білім алушылары бар. Студенттер халықаралық беделді шараға қатысады. Тәжірибелі спикерлер дәрістерінің арқасында студенттер еңбек нарығын және оның талаптарын жақсы түсінеді, бұл оларға болашақ мансап жолына тиімді дайындалуға мүмкіндік береді.
Шараға жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен көшбасшылар жиналады. Индонезия Президенті, Жапония, Таиланд, Филиппин Премьер-Министрлері, Түркия, Малайзия, Бангладеш және басқа елдердің министрлері мен вице-министрлері тұрақты қатысады. PepsiCo, Nestle, Mastercard, Microsoft, Union Bank, Nissan Motors Co сияқты өзге ірі компаниялардың өкілдері де қалыс қалмайды. London Business School, Stanford Business School, Synergy Business School, Harvard Business School, Business Emory University, Business School Switzerland, UCLA School of Management, Luiss University Italy, University College London, Penn State University, University of Cairo, Imperial College London өкілдері де шарадан қалған емес.