9 Қараша 2023


QS ASIA UNIVERSITY RANKINGS РЕЙТИНГІНДЕ АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ ТОП-500-ГЕ КІРДІ

QS Asia University Rankings 2024 аймақтық рейтингі жарияланды.Жаңа мәліметтерге сәйкес, QS ASIA University Rankings халықаралық рейтингінде Аманжолов университеті топ-500-ге кірді. Осылайша көрсеткішін жақсартып, лайықты орынға орнықты. Университет Қытай, Сингапур, Малайзия және Оңтүстік Кореяның үздік университеттерімен үзеңгілес екенін атап өткен жөн. 2024 жыл рейтингін жасау кезінде пайдаланылған негізгі көрсеткіштерге мыналар жатады: академиялық бедел және жұмыс берушілер беделі, профессор-оқытушылар құрамы мен докторлық дәрежесі бар қызметкерлердің саны және шетелдік студенттердің пайызы. Орталық Азия кеңістігіндегі университеттер арасында QS Top Universities Rankings-те Аманжолов университеті 24-ші орында тұр.