10 Қараша 2023


«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ» ЖАҢА ТЫҢДАУШЫЛАР ЛЕГІН ШЫҒАРДЫ

«Күміс университет» жобасы аясында 60+ жасындағы тыңдаушылар 72 сағаттық дәрістерін аяқтап, сапалы контент жасау құралдарын меңгерді. Кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы «Әлеуметтік желілерде жұмыс істеу үшін АКТ пайдалану» курсын ұйымдастырған еді.Курс кураторы Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы Марал Толықбаева болды.

Курс тыңдаушылары сапалы әрі мазмұнды контен жасаудағы заманауи құралдармен танысты. Соның ішінде Snapseed фоторедакторы және CapCut видеоредакторы. Сонымен қатар, жоба қатысушылары дәріс сабақтарын өткізу үшін өздерінің YouTube арнасын қалай жүргізу керек екенін үйренді.

Естеріңізге сала кетейік, «Күміс университеттің» мақсаты – аға буын өкілдерінің өмір сүру сапасы мен әлеуметтік белсенділігін арттыру. Бұл бағдарламаға зейнет жасындағы кез келген ҚР азаматы қатыса алады. Курс соңында тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификат берілді.