14 ноября 2023


АШЫҚ САБАҚ ЖОО ОҚЫТУШЫСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ ӘДІСІ РЕТІНДЕ

ПОҚ үшін әдістемелік семинарлар циклі шеңберінде кезекті оқыту семинары өтті. Семинар тақырыбы «Ашық сабақ ЖОО оқытушысының қызметін бақылау әдісі ретінде». Шараны ұйымдастырушылар оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің мамандары. Мақсаты университет оқытушыларын оқу-әдістемелік қолдау және әдістемелік жұмысты жетілдіру.
Семинар жұмысы Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры Ержан Домалатовтың кіріспе сөзімен басталды. Ол өз сөзінде оқу процесінде оқу-әдістемелік қолдаудың маңыздылығын еске салды. Семинар спикерлері х.ғ.к. Роза Әубәкірова және п.ғ.к. Бақыт Шаихова болды. Олар оқу процесінің сапасын жетілдіру бойынша ПОҚ қызметінің элементі саналатын ашық сабақтың маңыздылығын түсіндірді. Осылайша, профессор Бақыт Шаихова мен студенттер гидролиздің әртүрлі түрлері бар pH тұздарды анықтау бойынша демонстрациялық тәжірибелер жасады. Сонымен қатар, тыңдаушыларға білім беру технологияларын қолданудың түрлері көрсетілді. Мысалы, «керісінше дәріс», «миға шабуыл», «топтық жұмыс» және т.б.