15 Қараша 2023


ГЕОЛОГИЯ МҰРАЖАЙЫНА САЯХАТ

Экология және география кафедрасының сеньор-лекторы Б.Т. Сабырбаева облыстық мамандандырылған мектеп-лицейдің 6-сынып оқушыларына арналған «Геология мұражайына саяхат»-атты шеберлік сыныбын өткізді.
Оқушыларға әртүрлі экспедициялар мен тәжірибелер барысында жинақталған ғылыми құндылығы жоғары ерте геологиялық дәуірлермен байланысты тау жыныстары мен минералдар туралы айтылды. Оқушылар гранит, мусковит, кварц, халцедон үлгілерін зерттеді.