15 Қараша 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да студенттер арасында «Ақбозат» шахмат клубында турнир ұйымдастырылды. Аталған турнирге университет және жоғары колледж студенттері белсене қатысты.
«Басты мақсат – жастар арасында бұқаралық спортты дамытып, студенттерді спортқа баулу», – дейді турнир ұйымдастырушысы, «Ақбозат» шахмат клубының жетекшісі Асхат Алтынғазыұлы.
Ал, турнир соңында қатысушы студенттер арнайы мадақтамалармен марапатталды. Айта кету керек, «Ақбозат» шахмат клубында әртүрлі спорттық сайыстар жиі ұйымдастырылып, студенттерге арналған тоғызқұмалақ,шахмат үйірмесі жұмыс істейді.