16 ноября 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТІ ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Алматыда ҚР Ғылым және жоғары білім Министрі жанындағы кеңес мүшелерінің, Қазақстан студенттері Альянсының төрағалары және Өңірлік омбудсмендердің III-ші отырысы өтті.

Аталған шараға С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Әділет Кәрібай қатысып, ҚР Ғылым және жоғары білім Министрі Саясат Нұрбектің арнайы алғыс хатымен марапатталды.

«Ізденісім мен талпынысымды ескеріп жатқанына қуаныштымын. Алдағы уақытта артылған үмітті ақтауға тырысамын», — дейді студент.

Айта кету керек, Әділет университеттің белсенді студенті және Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы. Биылғы жылдан бастап Қазақстан студенттері Альянсының ШҚО бойынша төрағасы және Өңірлік омбудсмен.