17 ноября 2023
Қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары арасында бейбіт атом тақырыбындағы үздік бейнероликке байқау
Қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары арасында бейбіт атом тақырыбындағы үздік бейнероликке байқау.
Байқау ұйымдастырушылары: «Қазақстандық атом электр
станциялары» ЖШС, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:
- атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қазақстандық ғылым мен тәжірибені дәріптеу;
- жастарды Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шешімдер іздеуге тарту;
- Қазақстан халқының бейбіт атомның мүмкіндіктері және оны пайдаланудың әлемдік тәжірибесі туралы білімін кеңейту;
- Қазақстанда атом электр станциясын салу идеясын қолдау;
- қазақстандық студенттердің мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге сыни ойлауы мен шығармашылық көзқарасын дамыту.
Байқауға қатысушылар: қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары.
Байқаудың өту мерзімі: 2023 жылдың 10 қарашасы мен 11 желтоқсаны аралығында Instagram, Youtube, TikTok немесе Facebook әлеуметтік желілерінде жарияланған бейнероликтер қарастырылады. Бейнеролик қатысушылармен дайындалып, байқаудың мақсаттары мен шарттарына сәйкес болуы керек.
Байқау нәтижелерін жариялау және жеңімпаздарды марапаттау 2023 жылғы
20 желтоқсанда өтеді.
Шарттары:
- Бейнеролик қатысушының қалауы бойынша кез-келген жанрда түсірілуі мүмкін (ақпараттық материал, сұхбат, репортаж, бейнеклип, музыкалық, анимациялық немесе әзіл-сықақ ролик және т. б.), ұзақтығы 20 секундтан
3 минутқа дейін; - Бейнеролик Instagram, Youtube, TikTok немесе Facebook әлеуметтік желілерінде 2023 жылдың 10 қарашасы мен 11 желтоқсаны аралығында жариялануы керек;
- Бейнероликтің атауында #БейбітАтом хэштегі болуы керек;
- Бір қатысушының атынан байқауға қатысатын бейнероликтер саны шектелмеген;
- Байқау қорытындысы шығарылғанға дейін қатысушының аккаунты ашық болуы тиіс;
- Байқауға қатысушы ҚАЭС-тің Instagram https://www.instagram.com/knppkz және Telegram аккаунттарына жазылуы тиіс https://t.me/knpp_kz;
- Байқаудың жеңімпаздарын Байқау комиссиясы мынадай критерийлер бойынша анықтайды: мазмұны, өзіндік ерекшелігі, шығармашылығы, аудиторияның қызығушылығы;
- Байқау нәтижелері бойынша жеңімпаздар ақшалай (50000-нан 200000 теңгеге дейін) және ынталандыру (ҚАЭС-тің бренд өнімдері) жүлделерін алады;
- Байқауға ұсынылған кез-келген жұмыстарды кейіннен «ҚАЭС» ЖШС халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысында пайдалана алады.