17 ноября 2023
SPECPED & CLIPSY ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ «БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАБЫЛДАУ» ШАРАСЫМЕН ТҮЙІНДЕЛДІ
С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да төрт күн бойы Психология және түзету педагогикасы кафедрасының білім алушыларына арналған шеберлік-сағаттары өтті. Инклюзия және білім беру саласының өкілдері спикер болып, студенттердің білімдерін шыңдады. Болашақ педагогтар үшін тамаша тәжірибе болды. А.К.Насиков пен М.Қ.Ораз педагог-психологтың балалармен жұмысы туралы әңгімелеп берді. Ал, В.Т.Тоқтыбаева түзету жүйесіндегі психологтың кәсіби қызметінің ерекшеліктерімен таныстырды. Л.П.Куземко «Әлеуметтік-педагогикалық саланың психологы: практика бағыттары және даму мүмкіндіктері», О.Н.Смыкалова «Психолог жұмысының ерекшеліктері», И.К.Мацкевич «Психодиномикалық диагностика», Р.Ж.Тюлюпергенева «Театр прикосновений», С.А. Стельмах «НЛП Линия времени» тақырыптарында дәрістерін оқыды. Сондай-ақ, Ж.М.Ақанова және К.Д.Қанапиянова «Хеллингер әдісі бойынша ішкі қақтығысты шешу жолдары», К.Т. Тоқтарбекова «Психологиялық тригерлер» және Д.М.Есімханова «Мультерапия» тақырыптарында студенттердің білімдерін кеңейтті.
Танымды апта халықаралық Студенттер күніне орай дәстүрлі «Бірінші курс студенттеріне қабылдау» шарасымен қорытындыланды. Жоғарғы курс студенттері бірінші курс студенттерімен танысып, сәттілік тіледі. Кеште жастар ән-би өнерлерін көрсетіп, есте қаларлық шара етіп ұйымдастырды.