20 Қараша 2023


СТУДЕНТТЕР ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының білім алушылары Шығыс Қазақстан облысының Бас имамы Ермек Мұқатай қажымен кездесті.

Кездесу «Дін және жастар» тақырыбында өтті.Бас имам студенттермен еркін әңгіме өрбітіп,олардың ойландырған сауалдарына жауап берді.

«Мақсатымыз-жастардың әртүрлі діни ағымдардың жетегіне кетулерінің алдын алу»- дейді педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының меңгерушісі Гүлден Есполова.

Айта кету керек,жастармен осы іспетті кездесулерді өткізудің танымдық-тағылымдық маңызы зор.