22 ноября 2023


«Психология» бойынша олимпиада

2023 жылдың желтоқсан айында С.Аманжолв атындағы ШҚУ Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы ұйымдастыратын «Психология» бойынша Олимпиадаға қатысуға 11 сынып оқушыларын шақырамыз.

Олимпиада мақсаты: білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ету, олардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы, психологиялық мәдениетін жетілдіру және білім беру жүйесінде практикалық психология қызметінің беделін арттыру.

Олимпиада мазмұны мен ұйымдастырылуы:

  1. Олимпиада Өскемен қаласы С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Психология және коррекциялық педагогика» кафедрасында 2023 жылдың 4 және 15 желтоқсаны арасында өткізіледі.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрады (сырттай және офлайн) және индивидуалды жарысуды көздейді.

Олимпиаданың бірінші кезеңі (сырттай формасы) жазбаша тапсырмалардан тұрады. Тапсырма жауаптары 2023 жылдың 8 желтоқсанына дейін қабылданады.

Олимпиаданың екінші кезеңі офлайн болады. Бұл кезеңде 1 — кезеңнің барлық жеңімпаз қатысушылары шақырылады. 2-кезең 2023 жылдың 15 желтоқсанында Өскемен қаласы, 30-Гв.Дивизия 34 мекен-жайы бойынша орналасқан бас ғимаратта өткізіледі.

  1. Олимпиадаға қатысу үшін өтініштер қабылдау мен тіркеу желтоқсан айының 20.11 мен 1.12 аралығында жүзеге асырылады.
  2. Өтініштер берілген үлгіге (Қосымша 1) сәйкес электронды түрде Kaf_psy@bk.ru. поштасында қабылданады

Қосымша ақпараттарды мына телефон нөмірлері бойынша ала аласыздар: 8-705-239-7975 (Юлия Евгеньевна), 8-777-857-8298 (Құралай Тоқтарбекқызы).

  1. Өтініштерді қабылдап, тіркеген соң Ұйымдастыру Комитеті қатысушыларға 1-кезеңнің тапсырмаларын жібереді.
  2. 2023 жылдың 8 желтоқсанына дейін Kaf_psy@bk.ru электронды мекен-жайына 1-кезеңнің тапсырма жауаптарын жіберу қажет.
  3. Финал және жеңімпаздарды марапаттау —2023 жылдың 15 желтоқсанында.
  4. Олимпиадаға қатысу тегін.

Олимпиаданың гран-при иегері Педагогика жоғары мектебіне оқуға түскен жағдайда, оқудың бірінші жылының ақысы бойынша Университет грантын ала алады.

1,2 және 3 орынға ие болған қатысушылар дипломмен марапатталады. Қалған қатысушыларға сертификат беріледі. Оқушыларды олимиадаға дайындаған педагог-психологтар сертификаттармен марапатталады.

 

 

Қосымша 1

ПСИХОЛОГИЯ БОЙЫНША ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУҒА

ӨТІНІМ

Өтінім үлгісі:

 

Мектеп оқушылары арасындағы Психологиядан аймақтық олимпиадаға қатысуға өтінім

 

Оқушының аты-жөні (толық): Байланыс телефондары (ұялы)

Электрондық поштасы (e-mail)

Сыныбы, Оқу орнының аты мен мекен жайы Ғылыми жетекші аты жөні (толық), қызметі, лауазымы, байланыс телефоны, электрондық поштасы  (e-mail): Қатысу тілі
1 Бота

Каден

8-700-700-15-15

bota@mail.ru

11 класс ГУ СШ № 20 им. А.Байтурсынова

г.Усть-Каменогорск, улица Алматинская 54 070000

Серикбаева Маржан, педагог-психолог высшей категории, 8-700-700-89-89

e-mail:

Каз
2          

 

Өтінім қосымша ретінде Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің электронды мекен-жайына жіберіледі.

Құжаттың атауы (өтініштің): «…..қаласындағы № .. мектептің өтініші». Жіберілген хат тақырыбын «Олимпиада-2023» деп көрсетіңіз.