22 Қараша 2023


ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ мен І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті арасында ішкі академиялық ұтқырлық туралы келісімге қол қойылған. Осы бағдарлама аясында 18 қарашадан бастап Биология кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., университеттің қауымдастырылған профессоры Алмаш Кітапбаева Жетісу университетінде дәрістер оқып, практикалық сабақтар өткізеді. Дәріс тыңдаушылары «Биология» мамандығының магистранттары.
Өз кезегінде қабылдаушы жоғары оқу орнының профессоры, б.ғ.к. Берікжан Өксікбаев Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің биология кафедрасының студенттеріне дәріс оқиды. Дәрістер келесі семестрде басталады.