«Бірінші курс таланттары» оқу орны табалдырығын енді ғана аттаған жастар үшін жылдың ең маңызды шарасы. Нағыз қызыққа толы бәсеке. Байқаудың алғашқы күні бірінші болып жоғары колледждің өнерлі жастары ашты. Студенттер аса белсенді, ынталары зор екені байқалады. Өйткені бұл күнге ұзақ дайындалды.
— Көрермендердің қолдауымен барлығы керемет өтті. Ерекше әсер алдым, — дейді жоғары колледж студенті Балауса Аблақасова.
Байқауды ары қарай IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі жалғастырды. Әуезді ән мен би, көңілді әзілкештер ойыны да бар.
— Алғаш сахнаға шыққандықтан, ерекше әсер алдым. Бәрі керемет өтіп, маған қатты ұнады, — дейді С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Балауса Құрманбекова.
Байқаудың алғашқы күні Педагогика жоғары мектебінің өнерпаздарының өнерлерімен аяқталды. Студенттердің «Не молчи» тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатындағы қойылымдары көпшілік көрерменнің көңілінен шықты.
— Сахнада көрерменнің ықыласы адамға сенімділік береді екен. Әсерім ерекше,-дейді С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Даниль Крескин.
Байқаудың екінші күні Бизнес және құқық жоғары мектебінің өнерімен ашылды.
— Алған әсерім өте керемет. Сөз жоқ. Маған қатты ұнады, — дейді С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Көркем Қайратқызы.
Байқауды ары қарай Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің өнерлі жастары жалғастырды.
— Біздің екі айлық дайындығымыз бір сәтте өте шықты. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Әсерім өте ерекше, — дейді дейді С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Аяжан Бақты.
Айта кету керек, бірінші курс таланттары байқауының ақтық кезеңі 28 қараша күні өтеді.