30 Қараша 2023


«ХИМИЯ КӨШБАСШЫСЫ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ

ШҚУ-да «Химия көшбасшысы» интеллектуалды ойыны өтті. Сайыс үш кезеңнен тұрды. «Жүйрік болсаң, шауып көр» – теориялық кезеңі, «Ойлы болсаң, озып көр» атты арнайы кезең және «Зерек болсаң, шешіп көр» атаулы бейне-сұрақтар бөлімі. Жарыста 10 қатысушы химия кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы дайындаған викториналық сұрақтарға жауап берді.
Ойынның жеңімпазы «Химия» ББ студенті Дильназ Қайырбек болды. Дильназ жоғары білімімен, тақырыптарды жақсы меңгеруімен ерекшеленді. Жеңімпазға алтын кубок және диплом табысталды. Өзге де қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар берілді.


Химия кафедрасы оқытушыларының айтуынша, шараны ұйымдастыруға «Химиялық криминалистикалық сараптама», «Химия-биология», «Химия және наноматериалдар» ББ студенттері белсенді қатысты. Белсенділер шараны техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіп, жыл сайынғы байқауға демеушілік етті.


Айта кетейік, химия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы үнемі оқу-тәрбие шараларын ұйымдастырады. Осылайша, Еңбек күніне орай дөңгелек үстел өткізіліп, «Менің еңбегім – менің жетістігім» тақырыбында барлық білім беру бағдарламаларының студенттерімен кураторлық сағат өтті. Мақсаты — кәсіптік білім беруді насихаттау. Іс-шара бағдарламасына ойындар, пікірталас және театр қойылымдары кірді.

Қазан айында студенттер химия кафедрасының оқытушыларын Мұғалімдер күнімен құттықтап, мерекелік концерт ұйымдастырып, әр қызметкерді сертификатпен және бірегей номинациямен марапаттады.


Осы оқу семестрінде «Химиялық калейдоскоп» имидждік шарасы өткізілді. Ауқымды байқауға дайындық барысында кафедраның барлық мамандықтарының білім алушылары белсенді қатысты.