1 Желтоқсан 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙНЕРОЛИКТЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының студенттері ресейлік Лобачевский университетінде ағылшын тіліндегі бейнеклиптердің алтыншы халықаралық онлайн-конференциясына қатысты. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша қазақстандық ЖОО өкілдері жүлделі үшінші орынға ие болды.«Білім – күш» тақырыбында ұсынылған 28 бейнероликтің ішінен үздік материалдар іріктеліп алынды, солардың ішінде ШҚУ студенттерінің жұмысы болды. Төрешілер жұмыстың сапасын, креативтілігін және берілген тақырыптың ашылуын бағалады.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ халықаралық форматтағы байқауға белсенді қатысқан жалғыз қазақстандық оқу орыны болғанын айта кетейік.