4 Желтоқсан 2023


«DAT-CUP III» ДЕБАТ ТУРНИРІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Ділмар» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Dat-Cup III» дебат турнирі өтті. Турнирге 32 пікірсайысшы қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің әр кезеңі спикерлерден лайықты дайындықты талап еткен. Пікірталас барысында «Өскемен қаласына арналған жаңа жобаның тұсаукесері» және «Қазақстанда жаңа бағыттағы ірі АҚ құру» тақырыптарында дебат ойыны өтті.
Іс – шара қорытындысы бойынша бірінші орынды Жігер Сәрсенбаев (аға буын), екінші орынды Диас Төлегенов пен Ертіс Арыханов (аға буын), үшінші орынды Шұғыла Уәлиева (кіші буын), Дидар Ерболатқызы (аға буын) және Әкімжан Әзімхан (аға буын) иеленді.