12 декабря 2023


ФИЛОЛОГТАРМЕН ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Оқытушыларға арналған әдістемелік семинарлар циклі аясында ОӘЖҰБ және қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасымен бірлесіп, тіл пәндерін оқытуда тәжірибе алмасу мақсатында «Шетелдік аудиторияда тілді оқытудағы трансмәдени тәжірибелер» тақырыбында тәжірибеге бағытталған әдістемелік семинар өтті. Шараға университет оқытушылары мен Өскемен қаласының мектеп мұғалімдері қатысты.


Семинар барысында ШҚО Білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№27 орта мектебі» КММ педагог-зерттеушілері Қабдыракова Айнур және Ксембаева Әсел орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастырудың әдістемелік тәсілдерін, білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында оқытудың белсенді әдістерін және СББР қолдануды ұсынды.
Ф.ғ.к., Мұқышева Раушангүл Сегед университетінің ғалымдарымен бірге жарияланған оқулықта көрсетілген Венгрия студенттеріне қазақ тілін оқыту тәжірибесін ұсынды. Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының сениор-лекторлары Жакупова Раушан, Тоқтубаева Әсел және Чирцова Светлана университет студенттерінің мәдениетаралық құзыреттілігін қалыптастыруға баса назар аударды. Қауымдастырылған профессор Әлімхан Айгүл топонимикалық деректердің лингвистикалық маңыздылығына тоқталды.


Семинарға қатысушылар базалық құзыреттілікті қалыптастыру мәселелерін және білім алушылардың білім сапасын арттырудың әдістемелік тәсілдерін көтерді.