12 декабря 2023


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ТҮРІК ТІЛІ КАБИНЕТІНІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Түркия Елшілігінің қолдауымен Amanzholov University-де түрік тілі кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Кабинет заманауи компьютерлік техникамен, оқу-әдістемелік құралдармен және көркем әдебиеттермен жабдықталған. Енді оқытушылар мен студенттер Түркияның лингвистикасы, тарихы, өнері және елтану бойынша бірегей материалдармен жайлы жағдайда жұмыс істей алады. Мұнда семинарлар мен конференциялар өткізіліп, Түркияның тілі, мәдениеті және тарихына қатысты ғылыми зерттеулер жүргізіледі.


Айта кетейік, ШҚУ бауырлас елдің университеттерімен тығыз ынтымақтастықта. Атап айтқанда, Uskudar University, Firat University, Түркия Медицина ғылымдары университеті, Marmara University, Ыстамбұл университеті, Akdeniz Üniversitesi, Pamukkale University, Akdeniz Üniversitesi және т. б.
Сонымен қатар, Түркиядан келген еріктілер Садулла Думан мен Гүлбану Думан үшінші жыл қатарынан Шет тілдері және аударма ісі кафедрасында сабақ беріп келеді. Жаңа білім алаңының арқасында шетелдік оқытушылар студенттер арасында түрік тілін оқыту мен насихаттау ісін жүйелі жүргізе алады.


Айта кетейік, қазіргі уақытта «Orhun» академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Amanzholov University-дің 15 студенті әріптес түрік жоғары оқу орындарында білім алып жатыр.