13 Желтоқсан 2023


Amanzholov University профессорының курсы Coursera платформасында

Биология ғылымдарының кандидаты, биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлназ Есімбекқызы Садыканова «Coursera» платформасы үшін дайындаған «Эукариоттық жасушаның құрылыс-функционалдық ұйымшылдығы немесее жасушаға саяхат» атты жаппай ашық онлайн курсы техникалық талаптар мен курстың мазмұндық бөлігі бойынша сыртқы сарапшылардың бағалауы бойынша оң сараптамалық қорытынды алды. Жақын арада профессор Гүлназ Садыканова Coursera Kazakhstan командасымен бірлесіп курс материалдарын Coursera платформасына жүктеу жұмысын жүргізуде.