14 Желтоқсан 2023


УНИВЕРСИТЕТТЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөлімі «Парасат» студенттерге қызмет көрсету орталығымен бірлесіп білім алушыларға арналған ақпараттық кездесу өткізді.
Жиналыстың мақсаты — сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық мәселелерін талқылау. Кездесу барысында студенттерге қолданыстағы бағдарламалар мен олардың шарттары туралы егжей-тегжейлі айтылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара студенттердің жан-жақтылығы мен белсенділігін қолдауда маңызды рөл атқарады.