25 декабря 2023


ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Отырыста 2023-2024 оқу жылына арналған шығындары толық өтелетін шарт бойынша өтеулі негіздегі оқу құнының прейскурантына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қарастырылды, қоғамның жаңа құрылымы бекітілді, Директорлар кеңесінің бейіндік комитеттері төрағаларының 2023 жылы атқарылған жұмысы туралы есептері тыңдалды және Басқарма төрағасының орынбасары – Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректордың өкілеттіктері мерзімі ұзартылды.